«Аз ақшадан көп пайда табасың» деп қазақстандықтарды алдаған алаяқ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ішкі істер министрлігі Wall Street Invest Partners компаниясының бас директорын қолға түсірді

Фото: ашық дереккөзден

3 маусым күні Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті Wall Street Invest Partners ЖШС-ның бас директры М.Нүсіпбековті қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған қатысты біраз уақыттан бері алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Дәлірек айтсақ, «TeleTrade Central Asia» және «Wall Street Invest Partners» атты екі компанияны тіркеген адамдар аймақтарда филиалын ашып, қазақстандықтардан ақша жинай бастаған. Қарапайым халыққа электронды сауда арқылы аз ақшадан көп табыс табасың деген олар,  халық берген ақшаны оффшорға салып отырған.

«Олар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының атына ашып, сондай-ақ, шетелдік банктерден есепшот ашып, басқа шетелдік компаниямен жалған келісімшарт жасап отырған. Бұның алдында алаяқтық жасаған Б.Есполов (TeleTrade Central Asia компаниясының иесі) ұсталған еді", - деп жазады дереккөз.

Оны ұстаған күні полиция компанияның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау облыстарындағы филиалдарында тінту жүргізіп, қылмысқа тікелей қатысы бар құжаттарды тапқан болатын. Ішкі істер министрлігі осы компаниялардан зардап шеккен азаматтардан министрліктің тергеу департаментімен байланысқа шығуын сұрайды.