«Шетелде демалғанда қайын атам маза бермейді»: Айжан Байзақова енесіне ауыр сұрақ қойды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ол енесінен ұлы мен анасы бір-бірінен қалай ажырай алады деген сұрақтың жауабын білгісі келді 

Фото: скриншот

Бұған дейін жазғанымыздай, атышулы Айжан Байзақова күйеуі Нұрбек Арыстан мен енесі Жаннаны подкастқа шақырып, оқырмандарынан келген сұрақтар арқылы сұхбат алған. Подкаст арасында ол анасы ретінде ол ұлынан қалай ажырағанын сұрады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Сізден Нұрбектің сізден қалай сепарация жасағын сұрайын деп едім: одан қалай бөліндіңіз? Мен сырттың адамы ретінде айтарым: ана бола тұра сіз одан өте сауатты түрде сепарация жасағансыз. Тағы айтарым, біз шетелде демалып жүрсек, енем емес, қайын атам телефон соғып маза бермейді. Қайын атам күнде телефон соғып, «не істеп жатырсыңдар, қашан келесіңдер, байқап жүріңдер» дейді. Ал Сіз ондай емессіз», - деді Байзақова. 

Бұл сұраққа жауап берген енесі ең алдымен бүкіл замандастарына ақылын айтып, бала ешкімнің меншігі емес екенін еске алды. 

«Иә, Нұрбек менің ұлым, бірақ ол менің жекеменшігім емес. Ол – жеке дара тұлға. Егер ұлыңнан сепарация жасай алмасаң, онда оны клеткаға қамап қой да үйлендірме. Егер ұлыңнан ажырай алмасаң, ол бақытты болмайды, әйелі бақытты болмайды, ажырасып, немерелерің әкесіз қалады. Менің ойым осы», - дейді енесі.

Оның айтуынша, ол ұлын әрине өте жақсы көреді, бірақ, солай екен деп оның басқан әр қадамын аңдып отырғысы келмейді.

«Мен әрине ол үшін қатты алаңдаймын. Не істеп жүр екен деп уайымдаймын. Бірақ, телефон соғып мазасын алмаймын. Менен қарағанда расымен әкелері балаларына үнемі хабарласып, сұрап-біліп отырады», - дейді енесі.