Ораза кезінде Қазақстан мешіттерінде 2,5 млн адам ауыз ашып, 15,5 млн адам уағыз тыңдаған

Автор: Бақыт Шынар

Мүфтият қасиетті айдағы статистиканы ұсынды

Фото: ҚМБД баспасөз қызметі

Қасиетті Рамазан айында еліміздегі мешіттерге 2,5 млн адам келіп ауыз ашқан. Ел бойынша өткен насихат кезінде 15,5 млн адам уағыз тыңдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Рамазан айында 85 322 уағыз-насихат айтылған. Оны 15 570 527 адам тыңдаған.

«Оразада 8 179 рет Құран хатым жасалды. «Рамазан сыйы» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға 106 806 азық-түлік дорбасы таратылды», - деп хабарлайды мүфтият.