Бұн заң бұзу фактілері мемлекеттік еңбек инспекторлары анықтаған
Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 45 кәсіпорын өз жұмысшыларына 400 млн теңгеге жуық жалақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осы кәсіпорындардағы 1,3 мыңнан астам жұмысшы жалақыларын ала алмаған.
«Жалақы төлемеген кәсіпорындарға 98,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлайды министрлік.