«Bishimbayev University»: Қуандық Бишімбаевтың әкесі университет ашатыны рас па

Автор: Бақыт Шынар

Саясат Нұрбек басқаратын министрлік ақпаратты жоққа шығарды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Тараз қаласында университет ашқалы жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы осы ақпаратқа қатысты әлеуметтік желісінде мәлімдеме жариялаған. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, елімізде университет ашатын адамдар осы министрліктің лицензиясын алады. Яғни, заңды немесе жеке тұлғалар бұл лицензияны алмай, университет аша алмайды.

«Осы айтылғандарды негізге ала отырып, министрлік «Bishimbayev University» атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады, сондай-ақ «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тиісті өтінімнің болмағанын хабарлайды», - деп жазған баспасөз хатшы.