Алматылық Ілияс Үсіпжанов осы жандрда кітап жазған ең жас жазушы болып отыр
Аlmaty.tv телеарнасының хабарлауынша, Ілияс психология туралы кітапты небары 17 жасқа дейін жинаған тәжірибесіне сүйеніп жазған. «Кітаптың әрбір бөлімі мен абацы – 17 жасар жасөспірімнің өмірінен алынған үзінділер», - деп хабарлаған телеарна.
Жалпы, кітап 15 бөлімнен тұрады. Оқушының айтуынша, ол әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғаған. Ілиястың ендігі арманы – АҚШ-та жоғары білім алу.
«Алдымен АҚШ-та тәжірибе жинап, экология туралы білім алғым келеді. Кейін, Қазақстанға оралып, өзіміздің қоршаған ортаны жақсартқым келеді», - дейді оқушы.