Ол 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік ұлттық валюта банкноталардың орнын басады
Ертең Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы номиналы 1 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол қазақы ою-өрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.
Осымен «Сақ стилі» сериясымен төртінші рет шығып жатыр. Банкноталардың түсі – қоңыр және ашық қоңыр.
Банкнотаның бет жағында:
– көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы;
– ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
– төс айыл элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символы ретінде артефакт;
Банкнотаның артқы жағында:
– ою-өрнекпен стильденген қалқан фонында Төбет пен Тазы тұқымдас иттер;
– дөңгелек қазақ халқының ою-өрнегі, «қалқан» бейнесі – құндылықтарды қорғау нышаны, ежелгі символ – төрт тарап, ортасындағы күн белгісі – жасампаздық энергиясы мен өмір нышаны бейнеленген.
Банкноталар 2025 жылдың екінші жартысында жаппай қолданысқа беріле бастайды. Ескі банкнотамен 2 жыл бойы ауыстырылады.