Азаматтардың 70 пайызы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтты – сауалнама

Автор: Бақыт Шынар

Бұндай пікірді көбіне ауыл тұрғындары, жастар мен әйелдер айтқан

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қоғамдық саясат институтының сауалнамасына қатысқан азаматтардың 70 пайызы Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Дереккөзге сүйенсек, бұндай пікірді көбіне ауыл тұрғындары, 24 жасқа дейінгі азаматтар мен әйелдер айтқан. Халық қазіргі саясат пен әлеуметтік-экономикалық саясаттың дұрыс бағытта екенін алға тарта отырып, жақсы көңіл-күйлерін танытқан. 

«Бұл елде жүріп жатқан реформалармен байланысты. Мысалы, қоғамдық-саяси салаға келетін болсақ, азаматтар жергілікті деңгейде әкімдерін өздері сайлай алады, сайлау жүйесі барынша ашық бола түсті, Конституциялық сот қайта жұмыс істей бастады», - деп жазады институт.

Ал, еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағытындағы өзгерістер бюджет кірісін көбейтіп, кең ауқымды қолдау шараларын іске қосуға, жер ресурстарын әділ бөлуге, зиянды жұмыс орындарында еңбек ететін азаматтардың зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді.

«Жалпы алғанда, сауалнаманың нәтижесіне сүйенсек, қатысқандардың 89 пайызы өз көңіл-күйін жақсы деп бағалаған. Көбінесе, 18 жас пен 35 жас аралығындағы азаматтар, бойдақтар, тұрмыс құрмаған қыздар мен отбасылы азаматтар, жоғары білімі бар азаматтар позитвиті көңіл-күйін білдірген», - деп жазылған зерттеуде.


 

Тегтер: