$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2020, 17:27
Қоғам

Мақтааралдағы су басқан ауылдарда мектеп пен балабақша құрылысы басталады

Жаңа ауданда бой көтеретін 235 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен салынады

Мақтааралдағы су басқан ауылдарда мектеп пен балабақша құрылысы басталады

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында су басқан Мақтаарал ауданының келешегі сөз болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Фирдауси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы мен 1200 орындық мектеп, полиция тірек пункті және 280 орындық балабақша құрылысы басталады. Бұл мақсатта облыс әкімдігі резервінен қаржы қарастырылады. Өмірзақ Естайұлы жаңадан бой көтерген ықшам ауданда орталық алаң салудың қажеттігін айтты», - делінген ақпаратта.

Бүгінде Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елдімекендері тұрғындарының келісімі бойынша Мырзакент кентінде 425 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 235 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үйдің 150-і «Б.Өтемұратов», 20 үй «Салиқалы ұрпақ», 20 үй «Біз Біргеміз» қоры салуда. Жалпы, 839 тұрғын үйге аккредитталған эксперттер тарапынан техникалық зерттеу, тексеру жүргізіліп, 623 үйге қатысты техникалық қорытынды алынды.

«Бүгінде жалпы 32 мердігер мекеме тарапынан 383 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс аумағында 360 үйдің қазаншұқыры қазылып, іргетасы құйылды. 30 үйдің қабырға қалау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс алаңына 1124 адамдар мен 68 арнайы техника құрылыс- монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. Зардап шеккен ауылдарда жаңа тұрғын үй құрылысында инженерлік инфрақұрылым салу және Фирдауси мен Өргебас елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлайды әкімдік.

Серіктес жаңалықтары