Қала әкімдігі көлік кептелісін азайту үшін бұл мәселені үкімет деңгейінде көтермек
Бүгін мәслихат отырысында Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев қаладағы кейбір мекемелердің жұмыс уақытын өзгертуді ұсынды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Осылайша, Өтебаев атап өткендей, қалада таңғы көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік туады.
«Қазір біз қозғап жатқан мәселенің бірі – бұл мекемелердің жұмыс уақытын ауыстыру. 2017 жылдан бері әкімдіктің жұмысы 08:30-дан басталады. Біз орталық атқарушы компаниялардың жұмыс уақытын ауыстыру мәселесін үкімет деңгейінде талқылаймыз. Бәлкім, кейбір мекемелерде жұмыс уақыты жарты сағатқа не бір сағатқа ауысар, бұны әлі талқылаймыз», - деді Ерсін Өтебаев.
Ал оның баяндамасындағы слайдқа жүгінсек, қала әкімдігі:
«Біз бұл мәселені әлі пысықтаймыз. Бірақ, осылайша қаладағы көлік кептелесін азайтуға болады», - деді Ерсін Өтебаев.