Жеңіс күніне арналған әскери парад неге 9 мамыр емес, 7 мамырда өтеді

Автор: Нұргүл Абай

Биыл парадты өткізуге 2,5 миллиард теңге жұмсалады

Фото: e-history.kz

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Астанада  Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын әскери парад неге 9 мамырда емес, 7 мамырда өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, әскери парадтың 7 мамырда өтуі орынды, себебі бұл күні ұлттық мейрамымыз тойланады.

«7 мамыр – біздің ұлттық мерекеміз, Қарулы күштердің құрылған күні. Әскери шерулер бұған дейін де дәл осы датада, яғни 7 мамырда өткен. Сондықтан мұның логикасы осында, оның үстіне ол 9 мамыр қарсаңында аталып өтеді», - деді Кочетов Үкіметте өткен брифингте.

Бұған дейін Жеңіс күніне жоспарланған әскери парадты ұйымдастыруға 2,5 миллиард теңге бөлінетіні хабарланған.  

Тегтер: