Шекара маңындағы аудандарға ден қойылады

Автор: Темірхан Айжан

Биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекеті жаңғыртылмақ

Фото: Ақорда

Тоқаев AMANAT партиясының шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылдау туралы ұсынысын Үкіметпен біріге қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әдетте шекара маңындағы аудандар арқылы маңызды көлік-логистика дәліздері өтеді. Биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекетін жаңғырту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде, мұндай бекеттердің өткізу мүмкіндігі 6 есе артады. Бұл жоба еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға едәуір үлес қосады», - деді ол Ұлттық құрылтай отырысында.