eGov Mobile қосымшасында жаңа сервис іске қосылды
Енді Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қызметті жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталса, құжат жоғалып не ұрланса, төлқұжат деректері өзгерсе қолдануға болады. Жаңа сервис іске қосылғаннан бері оны 7 мыңнан аса адам пайдаланған.
«Бұл қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс», - деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Онлайн қызметті пайдалану үшін:
Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін өзіңіз таңдаған ХҚКО-дан алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен ескі жүргізуші куәлігін ала бару қажет. Жаңа құжат берілгенге дейін бұрынғы куәлік жарамды болып қала береді (егер оның мерзімі аяқталмаса).
Жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі eGov.kz порталында да қолжетімді.