$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әрбір бесінші қазақстандықтың жалақысы 150 мың теңгеден аспайды – Бейсенбаев

Ол 85 мың теңге айлық алатындар да бар дейді

Әрбір бесінші қазақстандықтың жалақысы 150 мың теңгеден аспайды – Бейсенбаев
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жалақыдағы теңсіздік пен инфрақұрылым мәселесі халықтың әл-ауқатына кері әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 350 мың теңгеге дейін көтерілгенімен, басқа да маңызды мамандық иелерінің еңбекақысы айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр. Ауылдық жерлердегі кітапханашылар, архив қызметкерлері мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері небәрі 85 мың теңге алады. Сонымен қатар, спорт мектептерінің жаттықтырушылары, музыка және өнер мектептерінің мұғалімдері, үйірме жетекшілері мен техникалық персоналдың еңбекақысы 125-150 мың теңге аралығында», - деді депутат.

Оның айтуынша, ресми мәліметтерге сәйкес, әрбір бесінші қазақстандықтың жалақысы 150 мың теңгеден аспайды.

«Бұл теңсіздік кадр тапшылығына, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне және жалпы халықтың әл-ауқатына кері әсер етеді. Сонымен қатар, саяжай массивтері мен агломерацияларда тұратын 800 мыңнан астам азамат жылдар бойы инфрақұрылым, мектеп, жол және таза ауызсу тапшылығы мәселелерін көтеріп келеді. Алматыға күн сайын 400 мыңға жуық, ал Астанаға 200 мыңға жуық адам жақын аймақтардан қатынайды. Бірақ жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуы жиі өзгеріп, бақылаусыз құрылыс жүріп жатыр. Бүгінге дейін Үкімет пен жергілікті әкімдіктер бұл мәселелер бойынша нақты шешім қабылдаған жоқ», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Серіктес жаңалықтары