Астанадағы Мұңайтпасов стадионы жемқорлардан қайтқан 17 млрд теңгеге қайта салынатын болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Үкімет спорт кешенінің құрылысын көрсетті

Фото: үкімет

Астанадағы Қ. Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл қаражат жемқорлардың шетелдерде заңсыз шығарған активінен алынып отыр.

Айта кетейік, дереккөзге сүйенсек, Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бұзылған. Ал, жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

«Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр», - деп хабарлайды үкімет.