Қазақстанның оқушылары ІІІ тоқсанда неше күн демалады

Автор: Бақыт Шынар

Министрлік каникул кезіне арналған бағдарлама ұсынды

Фото: istockphoto.com

2025 жылы Қазақстандағы оқушылар ІІІ тоқсанда 11 күн демалып, 1 сәуірде сабаққа барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті.

Дереккөзге сүйенсек, көктемгі каникул 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады. Оқушылар сейсенбі, 1 сәуір күні сабаққа барады.