$ 496.71  531.33  5.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 15:11
Қоғам

Талғарда Шерзат Полаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмаған

Тергеу жалғасып жатыр

Талғарда Шерзат Полаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмаған
Фото: скриншот

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың үйін кім өртегені әлі белгісіз. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев тергеу әлі жүріп жатқанын, күдіктілер табылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенат кулуарында журналистер Шыңдалиевтен марқұм Шерзат Полаттың үйін қасақана өртеу ісі бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын сұрады.

«Менің білуімше, сотқа дейінгі тергеу әлі жалғасып жатыр. Бірақ істің қандай нәтижеге апаратынын айта алмаймын»,- деді бас прокурордың орынбасары.

Журналистің «Яғни, үйді өртеген күдіктілер әлі табылған жоқ, солай ма?» деген сұрағына:

«Әзірге жоқ. Менде мұндай ақпарат жоқ», - деп нақтылады Шыңдалиев.

Жақында Алматы облысының полициясы Шерзат Полаттың ісі тергеліп бітіп, сотқа жолданғанын хабарлады. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жасалып, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Естеріңізге салайық, былтыр қазан айының басында Талғарда төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты. Көп ұзамай қара жамылған отбасының үйі жанып кеткен. Алматы облысының полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары