Ұстаздар арасында сұлулық байқауы өтеді
Астана қаласының Білім басқармасы «Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025» онлайн фотобайқауын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімдіктің ресми сайтында хабарланғандай, байқау «Жайлы мектептің» ұстаздары арасында өтеді екен.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған білім беру ұйымдарында жас педагог мамандар жұмысқа көп орналасқан. Осыған сәйкес жаңа заманауи мектепте алғаш ұстаздық қызметін бастаған педагогтардың ынтасын арттыру мақсатында, яғни мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдай отырып, «Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025» фотобайқауы басталып отыр», - деп жазған әкімдіктің сайты.
Байқауға суретін жіберген ұстаздар үшін Білім басқармасының bilimastana парақшасында дауыс беруге болады.
«Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025» фотобайқауына қатысу үшін әрбір жайлы мектеп атынан қатысатын бір педагог ұстаз кейпінде түскен сапалы суреттері және педагогика саласындағы жеткен жетістіктерін көрсете отырып, 87472005296 WhatsApp нөміріне жолдауы қажет. Айта кетерлігі, сурет ұстаз кейпін көрсететін сапалы нұсқада түсірілуі қажет. Байқау 6 наурыз күні басталып, 8 наурыз күні сағат 15.00-де аяқталады. Ең көп дауыс жинаған педагог «Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025» байқауының жеңімпазы атанып, арнайы сыйлыққа ие болады», - деп хабарлаған дереккөз.