ТМД аумағында талай әйелді «арманына жетелеген» танымал блогер 5 жыл түрмеде отыратын болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол сонымен қатар ірі көлемде айыппұл төлейді 

Фото: РИА Новости

Мәскеудің Савеловский соты танымал блогер, «Армандар марафонының» авторы Елена Блиновскаяны салық төлеуден жалтарғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жазадан бөлек оған:

  • 1 миллион рубль айыппұл салынды
  • 587 миллион рубль ақша мемлекет пайдасына тәркіленді
  • 4 жыл бойы коммерциялық қызметпен айналысуға тыйым салынды
  • Барлық мүлкі мемлекет меншігіне өтті

Сот бір эпизод бойынша жазадан босатты, себебі қылмыстық істің мерзімі өтіп кеткен. Прокурорлар Блиновскаяға 6 жыл түрме жазасын сұраған болатын.

Тергеу мәліметінше, Блиновская бизнесін бірнеше шағын компания мен жеке кәсіпкерлікке бөліп, жеңілдетілген салық жүйесін қолдану арқылы 900 миллион рубль салық төлеуден жалтарған.

Қамауға алу тарихы:

  • Сәуір 2023: ол Беларусь шекарасында ұсталды
  • Қаңтар 2024: ол тергеу изоляторына қамалды
  • 2024: Тергеу барысында өз кінәсін мойындады