Ол үшін дауыстық ботты қолдану жеткілікті
Енді қазақстандықтар бір қоңыраумен өзін несие алудан шектей алады. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол үшін 1414 нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдап, «несие беруге тыйым салу» деген сөзді айту керек, дыбыстық сигналдан кейін жеке куәлік нөмірі енгізіледі.
Кейін бұл тыйымды алып тастауға, статусты бақылап отыруға болады.
Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, бұл қызмет смартфон пайдаланбайтын немесе интернеті шектеулі азаматтар үшін пайдалы болмақ.
Еске салайық, жыл басталғалы миллионға жуық адам өзіне несие алуға шектеу қойған.