Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтау үшін тегін тестілеуден өтуге болады

Автор: Azattyq Rýhy

ДСМ эпидемиологтары сауалнамаларды іріктеп алады

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында «Сәби» қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмек аясында коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тұрғындарды тегін экспресс-тестілеуден өтуге шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо

Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалған.

Экспресс-тестіні өту үшін cdl.kz сайында сауалнама толтыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтауы тиіс, ол:

нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;

қатаң түрде көрсетілген уақытта келу;

маска киіп келу;

ем-шара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.

Экспресс-тестілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, саусақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.

IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады.

IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.

Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.

Сұрақ туындаған кезде мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7172) 59-79-69; +7(701) 961-72-30.