Қазақстанда жалпы 66 мектеп лицензиясыз жұмыс істейтіні анықталған
Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік мектептерді қоса алғанда, елімізде 66 мектеп лицензиясыз жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Айта кетейік, жоғары аудиторлық палатасында орта білім саласына ауқымды аудит жүргізген.
«Лицензиялау – сапалы білім алудағы мемлекеттік кепілдігінің бірі. Алайда елде мемлекеттік мектептерді қоса алғанда, 66 мектеп лицензиясыз жұмыс істейді. Аттестаттаудан сәтті өту пайызы төмен, бұл білім беру мекемелерінде таралған жүйелі проблемаларды дәлелдейді. Мектептердің тек 18,2%-ы аттестаттаудан бір дегеннен өте алады», - деп хабарлайды палата.