Қазақстанның солтүстігі күрт жылынады – Қазгидромет демалыс күндерге болжам жасады

Автор: Бақыт Шынар

Күн жылы болғанымен, қар жауып, жел күшеймек

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» демалыс пен алдағы дүйсенбі күнге, яғни, 15-17 ақпан аралығына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ауа райы болжамына сүйенсек, Қазақстан аумағында күн жалпы жылы болады. Тіпті, солтүстік өңірлердің өзінде 17 ақпан күні ауа температурасы + көрсетеді.

«Алайда, күн райы жылынғанмен, 16 ақпан күні Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал, 17 ақпан күні Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел соғып, жауын-шашын жауады», - деп ескертеді Қазгидромет.