Сот әкесіне бірінші рет ескерту жасады
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында әкесінен балағат сөз естіген қызы оны сотқа берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Тарбағатай аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға биыл қаңтардың соңында болған.
«23 қаңтар күні әкесі үйде жалғыз өзі ішімдік ішкен. Туған қызын балағаттап, жаман сөздер айтқан. Қызы Тарбағатай аудандық сотына арыз жазып, әкесін жазалауды сұраған. Сот анықтағандай, әкесі қатты мас болып, қызын балағаттаған, тыныштығын бұзған», - деп жазады сот.
Істі қараған судья әкесіне ескерту жасаған.