«Киім алып, киноға бару керек»: депутат Қазақстанда орташа жалақы 500 мың теңге болу керек дейді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ерлан Саировтың пайымынша, қазіргі орташа жалақы халықтың ең минималды сұраныстарын жабуға ғана жетеді

Фото: Azattyq ruhy

Қазақстандағы қазіргі орташа жалақы халықтың ең минималды сұраныстарын жабуға ғана жетеді. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында «AMANAT» фракциясының депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазір Қазақстандағы орташа жалақы 308 мың теңге.

«Осы қаражат бір отбасы асырауға немесе бір адамның бір айлық шығынын өтеуге жете ме?» деп сұрады Azattyq Rýhy тілшісі депутаттан.

Саиров қазір инфляция болып жатқанын, сондықтан, бұл ақша халықтың тең минималды қажеттіліктерін ғана өтеуге жететінін атап өтті.

«Қазір инфлция болып жатыр ғой. Сондықтан бұл жалақы әлеуметтік ең минималды қажеттіліктерді өтеуге ғана жетеді деп ойлаймын. Бірақ, адамдар тек қана минималды қажеттілікпен өмір сүрмейді ғой, олар киім алу керек, киноға бару керек, әлеуметтік мәдени-өнімдерді тұтыну керек. Менің ойымша, Қазақстандағы бүгінгі баға бойынша орташа жалақы 500 мың теңге болу керек», - деді ол.