Министр картоп бағасы туралы: дүкендерде 200-240 теңгеден сатылуы керек

Автор: Нұргүл Абай

Картоп жеткілікті, дейді Сапаров

Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп бағасы шын мәнісінде қанша теңге болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сапаров сауда орындарында картоп 450 теңгеге дейін қымбаттағанын мойындады. Айтуынша, қазір Сауда министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

«Small-ға қатысты айтсам, мен вице-министрге осы мәселені тапсырдым. Бізде картоп жеткілікті. Жанымыздағы Қарағанды мен Павлодарда олар үлкен рефакция жасап жатыр. Фермерлер сатқысы келмейді. Яғни 7 пайыздан бастап және одан жоғары. Біз қазір-ақ 4-5 КамАЗ картоп әкеле аламыз, қабылдасын. Біз оны 200 теңгеден сата аламыз. Жарайды үстіне 20% қоссын, сонда картоп 240 теңге тұруға тиіс. Бұл жерде шынымен де сауда орындары бойынша мәселе бар. Біз осы мәселені шешу жұмысымен айнылысамыз», - деп Сапаров Үкімет отырысында.