$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2025, 12:12
Қоғам

Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала есебі жақын арада сайтымызда жарияланады – көлік министрі

Комиссия мүшелері халықаралық сарапшылармен бірге жұмыс істеп жатыр

Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала есебі жақын арада сайтымызда жарияланады – көлік министрі
Фото: ТЖМ

Ақтау түбіндегі ұшақ апаты туралы алдын ала есеп жақын күндері жарияланады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір мамандар тынбай еңбек етіп жатыр. Апатты тергеуге халықаралық сарапшылар, соның ішінде Әзербайжан, Ресей, Бразилия, ХААҰ сарапшылары тартылған.

«Бәрі бірге жұмыс істеп жатыр. Жұмыс аяқталу сатысында. Жақын күндері біздің сайтымызда ресми түрде алдын ала есебі жарияланады деп күтіп отырмыз», - деді Қарабаев үкімет отырысында.

Министр алдын ала есеп жарияланғанға дейін басқа ақпарат бере алмайтынын айтты.

Естеріңізге салайық, былтыр 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тапты. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстанның 3 азаматы, Ресейдің 16 азаматы, Қазақстанның 6 азаматы болған.

Серіктес жаңалықтары