Жанармай қымбаттап жатыр: пойыз бен такси бағасы өсе ме

Автор: Нұргүл Абай

Пойыз билетінің құнын мемлекет реттесе, такси бағасын нарық айқындайды

Фото: Pixabay.com

Үкіметте өткен брифингте журналистер көлік министрі Марат Қарабаевтан жанар-жағармайдың қымбаттауы әуе, теміржол билеттері мен такси қызметінің бағасына қалай әсер ететінін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарабаев әуе отыны бұрыннан нарықтық бағамен сатылатынын атап өтті. Сондықтан ұшақ билетіне ешқандай әсер болмайды.

«Ал теміржол билетінің бағасы мемлекет тарапынан реттеледі. Біз пойыз билетінің құнын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Такси бағасы бойынша, ол жақта жанармай нарыққа беріліп жатыр. Оны әрі қарай нарық айқындайды», - деді Қарабаев үкімет отырысында.