Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды
Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін басшы лауазымға тағайындар алдында өтірікті әшкерелейтін детектормен тексеру ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратура «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынған.
«Құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде (аттестаттау немесе жоспардан тыс аттестаттау немесе жоғары тұрған басшы лауазымға конкурс аясында) полиграфологиялық зерттеуден өтеді», - делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.
Полиграфиялық зерттеу мыналарды анықтайды:
Құқық қорғау, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтардың полиграфиялық зерттеу қорытындысы бір жыл қолданылады.
Ал жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсыну кезінде өткізілетін тексерістің қорытындысы үш жыл күшінде болады.
Қаулы жобасы порталда 14 ақпанға дейін талқыланады.