Операция бір сағаттан астам уақытқа созылды
Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері алғаш рет коронавирус жұқтырған науқасқа операция жасады. Оның жамбас сүйегі сынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Пациент басқа ауруханадан ауыстырылғанда, одан коронавирустық инфекция анықталды. Бұдан бөлек, пациенттің ЖИА, артериалдық гипертензия сияқты қосымша аурулары да болған. Дәрігерлер науқасты операцияға бір апта бойы дайындады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалған операция сәтті өтті», - деп жазылған хабарламада.
Операция бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Айта кету керек, Орталық қалалық клиникалық аурухана 3 мамырдан бастап жұқпалы аурулар стационары режимінде жұмыс істеп жатыр.