Қазақстанда бәс тігетін адамның ЖСН-і бірыңғай базаның тексеруінен өтпек
Бұл туралы спорт министрінің орынбасары мәлім етті
Бүгін туризм және спорт министрлігінің алқа отырысында министрдің орынбасары Мирас Төлебаев борышкерлердің ЖСН-дері бірыңғай базаға бірігетінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, қазір бұл мәселені әділет және цифрлық даму министрліктері пысықтап жатыр.
«Материалдық берешегі бар азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатпау үшін Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген 3 миллионға жуық адам құмар ойындардан шеттетілді. Бүгінде аталған тізілімге енгізілген 15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды. Қазіргі уақытта, Әділет және Цифрландыру министрліктерінің қолдауымен бәс тігушілердің ЖСН-дерін автоматты түрде борышкерлер тізілімімен сәйкестендіру мәселесі пысықталып жатыр», - деп хабарлады ол.