Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының басшысы мәлім етті
Былтыр «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңға сәйкес «Сәтті Жұлдыз» бірыңғай лотерея операторы «Қазақстан халқына» қорына 1,4 млрд теңге жіберген. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен брифингте «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Осы ретте Жәмішев «қорға түсіп жатқан әрбір теңге мұқтаж адамдардың игілігіне жұмсалады» деп сендірді. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қорға елдегі әртүрлі ұйымдар ақша салуға міндеттелген.
««Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жыл сайын таза табысының кемінде 7% «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 50 млрд теңге көлемінде қаражат түсті. Сондай-ақ, «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» ҚР Заңының 14-бабына сәйкес «Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторы 2024 жылы Қорға 1,4 млрд теңге жіберді», - деп мәлім етті ол.