Қазақстандағы алаяқтардың нөмірін енді WhatsApp-бот арқылы тексеруге болады

Автор: Бақыт Шынар

Астананың прокуратурасы осы әдісті алты айдан бері қолданып келеді

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы осыдан алты ай бұрын алаяқтардың нөмірін тексеруге болатын WhatsApp-бот ашқан. Оған осы уақытқа дейін 30 мың адам хат жазған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ботқа күніне кемі 100 адам хабарлама жібереді екен.

«Адам алаяқтың нөмірі болуы мүмкін деген күдікті нөмірді осы WhatsApp-ботқа (8-747-680-02-10) жібереді. Деректерді талдағаннан кейін бот ұсынылған нөмір бойынша тұлғаның алаяқтық белгілерін анықтайды. Осылайша, адамдар қандай да бір тауарды сатып аларда немесе ақша аударарда, нөмір алаяқтарға қатысты ма, жоқ па, оңай анықтай алады», - деп хабарлайды прокуратура.