$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жылына неше адам өз ағзасын саудалағаны үшін жазаға тартылады - ресми статистика

Редакцияның ресми сауалына жауап берген ішкі істер министрлігі 2024 жылдың статистикасын ұсынды 

Қазақстанда жылына неше адам өз ағзасын саудалағаны үшін жазаға тартылады - ресми статистика
Фото: istockphoto.com

Елімізде ресми түрде донор болуға заңды түрде рұқсат болғанымен, ағзаны ақша үшін саудалау заңмен қудаланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Республика аумағында адам ағзалары мен тiндерiн алуға мәжбүрлеу немесе заңсыз алу бойынша (ҚК-нің 116-бабы) 2024 жылы жалпы 22 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 2 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, қалған істер соттың қарауында.

«Мұндай қылмыс түрлеріне ҚР ҚК-нің 116-бабы бойынша ең жоғарғы жаза ретінде мүлкін тәркілеу, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған», - деп жауап берді ішкі істер министрлігі редакция жолдаған сауалға.

Адам ағзаларын саудалауды анықтау және оның алдын алу үшін республика көлемінде жедел профилактикалық және жедел іздестіру іс шаралары өтіп тұрады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге мониторинг жасау, ақпарат жинау және тағы басқа іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы да осындай қылмыстар анықталып жатады екен. 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары