Альбина Девивыенің бүкіл отбасы қазақ тілінде сөйлейді
Қарағандылық Альбина Девивые «қай ұлттың жігітіне тұрмысқа шығасың» деген сұрақ көп қойылатынын айтады. Неміс қызы Azattyq Rýhy ютуб-арнасы берген сұхбатында тек қазақ жігітінің жары болуды қалайтынын айтты.
«Болашақ жарымның қазақ ұлтынан болғанын қалаймын. Орыс тілінде бір-бірімізді түсінбей қалатын шығармыз. Оның өзі бір қиындық қой. Ата-анам да қазақ жігітке тұрмысқа шыққанымды қалайды, дегенмен «мына ұлтқа күйеуге тиме» деген тыйым жоқ. Барлық ұлтқа құрметпен қараймыз. Өзімнің жүрегім қазақты қалайды», - деді ол ағынан жарылып.
Неміс-татар аралас отбасында дүниеге келген Альбина Девивыенің отбасында қазақтың салт-дәстүрі сақталған. Отбасы тек қазақ тілінде сөйлейді.