16 жастағы қыз тіс щеткасын жұтып қойған

Автор: Аягөз Құрмаш

Қазір қыздың жағдайы жақсы

фото: samara.gilmon.ru

Мәскеу облысында 16 жастағы қыз тісн тазалап жатқан кезде тіс щеткасын жұтып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 SHOT мәліметтері бойынша, қыз ауруханаға түскен. Дереккөзге сүйенсек,  Л. М. Рошаль атындағы балалар клиникасына жүрегі айнып, іші қатты ауырған шағыммен 16 жастағы қыз жүгінген.

Кейінірек қыздың асқазанында тіс щеткасы бар екені белгілі болды. Қыздың өзі айтып бергендей, ол қатты жөтелгенде щетка аузына кіріп кеткен. 

Осының салдарынан оған ота жасалып, щетка алынды. Қыздың жағдайы жақсы.