Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінен хабарлады
2025 жылы Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 112 мектеп салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, былтыр елімізде осы бағдарлама аясында 105 мектеп салынған. Оның 68-і қалаларда, ал, қалғаны ауылдарда салынған.
«Оқу жылының басынан бері 254 мың оқушы орны пайдалануға берілді, ал 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 460 мың орынға жетеді», - деп хабарлады министрлік.