Еліміздегі жұмысшы мамандардың жалақысы қазір қандай мөлшерде екені айтылды

Автор: Нұргүл Абай

Үкімет жалақы диспропорциясын реттеуі керек деп санайды ол

Фото: parlam.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев жұмысшы мамандардың жалақысын көтеру қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың пікірінше, қазір бұл маман иелерінің айлығы төмен.

«Мектептерде жұмыс істейтін еден жуушы, болмаса сол мектепте қызмет ететін кітапханашының жалақысы едәуір төмен. Дәл солай спорттық мектептерде тәлім-тәрбие беретін ұстаздар, жаттықтырушылардың жалақысы әлі күнге дейін 150 мың теңгенің төңірегінде. Мәдениет саласында жұмыс істейтіндер, олар да жұмысшы мамандықтардың қатарына жатады ғой, олардың жалақысы – 125-150 мың теңге шамасында.

Менің ойымша, жұмысшы мамандықтарға жастар арасындағы сұранысты арттыру үшін ең бірінші кезекте жалақы мәселесін көтеру керек. Яғни Үкімет мамандықтар арасындағы жалақы диспропорциясын реттеуі тиіс», - дейді Бейсенбаев Мәжіліс кулуарында.