4 ай ішінде қазақстандықтар 169,3 млрд теңгеге 18 368 жеңіл автокөлік сатып алған
«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстан автокөлік саласы кәсіпорындары одағы 2020 жылдың алғашқы төрт айы бойынша нарықтағы баға өсімі туралы жариялады.
Алғашқы 4 ай ішінде қазақстандықтар 169,3 млрд теңгеге 18 368 жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік сатып алған. Жеңіл автокөліктің орташа құны шамамен 9,9 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға өскен.
Қазақстандағы автокөлік құрастырушылардың өнімі салыстырмалы түрде қолжетімді, отандық автокөліктің орташа бағасы 7,6 млн теңге. Ал, шетелде құрастырылған көліктердің орташа құны - 12,4 млн теңге.
2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында автокөлік салып алғандардың 25%-ы 5 млн теңгеден артық жұмсамаған. Өткен жылғы нарықта бұл көрсеткіш 30,2% болған. 5-7 млн теңге көлемінде көлік сатып алғандардың үлесі 21,7% (3 981 бірлік). Ал, 7-10 млн теңге жұмсағандардың үлесі 17,2% (3 160 бірлік).
10-15 млн теңге аралығында шығындалғандар 24,9% (4 572 бірлік) мен 15 млн теңден жоғары бағаға су жаңа көлік сатып алғандардың үлесі 11,2% (2 060 бірлік).
Ең қолжетімді жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік қатарына отандық өнімдер кірген. Ең арзаны Өскемен қаласында құрастырылатын Lada Granta көлігі (3,4 млн теңге).
Арзан автокөліктердің ТОП ондығына:
- Lada 4x4 (4,1 млн тг);
- Ravon Nexia (4,1 млн тг);
- Ravon R4 (4,9 млн тг);
- Lada Largus (5 млн тг);
- Lada Vesta (5,1 млн тг);
- Renault Logan (5,2 млн тг);
- UAZ 3741 (5,2 млн тг);
- Lada XRAY (5,3 млн тг);
- UAZ 3909 (5,4 млн тг).
Ал, қазақстандықтар сатып алған ең қымбат автокөліктердің рейтингі төмендегідей:
- Mercedes-Benz G-класс (110 млн тг);
- Genesis G90 (53,2 млн тг);
- Porsche Cayenne (51 млн тг);
- BMW 8 серия (50 млн тг);
- Lexus LX (49 млн тг);
- BMW X7 (42,9 млн тг);