$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2020, 02:54
Қоғам

Алматы облысында бір жасқа толмаған сәбиге коронавирус жұққан

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 284 адамға жетті

Алматы облысында бір жасқа толмаған сәбиге коронавирус жұққан
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы бір тәулікте Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 6 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсында 2 фактіден анықталды. 

«Пациенттер 1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған. Оның төртеуі – бұған дейін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, қалған екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды. Сырқаттардың барлығы оқшауланып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.

24 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 284-ке жетті.

Серіктес жаңалықтары