Ол енді 73 870 теңге төлейді
Қонаев қаласында науқасқа дөрекі сөйлеген тіс дәрігері сотты болып, айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қонаев қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттері үшін стоматологқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
2024 жылы қыркүйек айында тіс емдеу бөлімінде тіс дәрігері мен килиенті арасында келіспеушілік болып, тіс дәрігері клиентінің қолындағы телефонды ұрып, емханадан шығарып жіберген, яғни қоғамдық жерде жәбірленушіні сыйламай, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот отырысында құқық бұзған тіс дәрігері кінәсін мойындамай, жәбірленушіден тек кабинетін босатуды талап еткенін айтты.
Ал жәбірленуші хаттамада жазылған істің мән-жайын растап, арызын қолдап, заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.
Тіс дәрігерінің әрекеті іс құжаттарына тіркеліп, дәлелденді.
Сот тіс дәрігерін кінәлі деп тауып, әкімшілік жаза ретінде 20 ЕАК, яғни 73840 теңге айыппұл салды.