Оның үстіне, бұл 50 теңгені мемлекет субсидиялап отырған
Маңғыстау облысының прокуратурасы әкімдіктің мәслихаты қабылдаған заңсыз шешімнің күшін жойды: мемлекет әрбір абонент үшін судың 50 теңгесін субсидиялап отырғанына қарамастан, жергілікті шенеуніктер халықтан бәрі бір текше метр су үшін 120 теңге алып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, мемлекет бір текше метрдің 50 теңгесін субсидиялаған. Яғни, әрбір үй осы субсидияның арқасында айына бір текше метр су үшін 120 теңге емес, 50 теңге төлеуі керек еді.
«Алайда, ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы бір текше метр үшін 70 теңгеден негізсіз 120 теңгеге беріліп отырған. Прокуратураның арқасында мәслихат шешімінің күші жойылып, бір текше метрге сомманы 120-дан 70 теңгеге дейін түсіру туралы жаңа шешім қабылданды. Осылайша ауылдағы 73 мың абоненттің құқығы қорғалды», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.