Астанада фитнес клубтар мен СПА салондардың жұмысына тыйым салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық құрама командаларын Олимпиадаға дайындауға ғана рұқсат етіледі

Фото ашық дереккөзден алынды

Нұр-Сұлтанда карантин аяқталғанға дейін фитнес клуб, СПА салон, косметика кабинеттерінің жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында жазылған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Қаулыда жазылғандай, тек ұлттық құрама командаларын Олимпиадалық және паралимпиадалық ойындарға даярлау үшін пайдалану кезеңінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Түнгі клубтардың, фитнес-клубтар мен залдардың, жаттығу залдарының, СПА-салондардың, массаж кабинеттерінің, косметологи кабинеттерінің, клиникалар мен орталықтардың, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің қызметіне тыйым салынады», - делінген құжатта.

Айта кететіні, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева астаналық тұрғындар арасында коронавирус инфекциясы ауруларының таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулы қабылдады.