Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.Пірәлиева қосымша қаулы қабылдады
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева астаналық тұрғындар арасында коронавирус инфекциясы ауруларының таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бірқатар шаралар аталып өткен.
1. Қала тұрғындарына, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, меншік нысанына қарамастан, карантин аяқталғанға дейін:
1.1. 2 және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде маскаларды міндетті түрде кию және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;
1.2. аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға маскаларды міндетті түрде киюмен 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
1.3. саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін елді мекеннен кіруге/шығуға рұқсат етіледі;
1.4. қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде маскаларды,қолғаптарды киіп жүру және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау;
1.5. отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар өткізуге, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге тыйым салынады.;
1.6. №37 БМСД БМСДҚ-ның 15-қосымшасына сәйкес такси және қызметтік көлік жүргізушілерінің маскаларды, қолғаптарды міндетті түрде киюмен және тері антисептиктерін қолданумен жеке, қызметтік автокөлікті және таксиді шектеусіз пайдалану рұқсат етіледі.;
1.7. кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, №37-БМСД БМСДҚ-ның қосымшаларына сәйкес карантиндік және шектеу іс-шараларын қатаң сақтау қажет;
1.8. кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, персонал мен келушілердің карантин талаптарын және шектеу шараларын сақтауын қатаң бақылауды қамтамасыз етсін. 2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі (А.С.Көлгінов), Нұр-Сұлтан қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы (БекмұрзаевЕ.У.), «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасының басқарма төрағасы (Мырзахметов А. И. ), кәсіпкерлік субъектілеріне:
2.1. 2020 жылдың 25 мамырынан бастап елдегі төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты қызметі қалпына келтірілген кәсіпкерлік субъектілерінің (объектілерінің) жұмыс режимін өзгертуді осы субъектілер (объектілер) үшін ТЖ режимі енгізілгенге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, №37-БМСД БМСДҚ-сы бекіткен алгоритмдерге сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтай отырып, монша мен сауналарды қоспағанда: жұмыс күндері жұмыс режимі сағат 9.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін, қоғамдық тамақтану объектілері және сауда ойын-сауық орталықтары үшін жұмыс режимі 19.05.2020 жылғы 172-БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес анықталады.
2.2. залға 50 адам отыратын орыннан аспайтын орындық орната отырып, жобамен 50 адам отыратын орыны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етілсін және бір мезгілде келушілер отыратын орын санына сәйкес, көрші үстелдердің шеткі орындары арасындағы 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады.;
2.3. COVID-19 сырқаттанушылығының толық төмендеуіне дейін Ұлттық Олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларын қоспағанда, ұлттық құрама командаларды Олимпиадалық және параолимпиялық ойындарға даярлау үшін пайдалану кезеңінде ғана түнгі клубтардың, фитнес-клубтар мен залдардың, тренажер залдарының (орталықтарының), СПА-салондардың, массаж кабинеттерінің, косметологиялық кабинеттердің, клиникалар мен орталықтардың, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (дамыту орталықтары, білім беру орталықтары, үйірмелер және т. б.), компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және т. б.) қызметіне тыйым салу;
2.4. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзетін серуендеу кеме құралдардың су объектілеріндегі жұмысына тыйым салу;
2.5. көше саудасының кез келген түріне тыйым салу;
2.6.санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен карантиндік режимді сақтай отырып, білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының, семинарлық сабақтардың, ересектерге арналған үйірмелердің (жеке сабақтар немесе 5 адамнан аспайтын топтар) қызметіне рұқсат етілсін.
3. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі (Көлгінов А.С.), Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы (Қадырова Ш. М.):
3.1. адамдардың қатысуына байланысты мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін бітірушілердің балдардын, кештерді, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салу;
3.2. кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан қаланың мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу; 3.3. білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз ету.
4. Қала әкімі Нұр-сұлтан қаласының әкімі (Көлгінов А. С.), Нұр-Сұлтан қаласының Діни істері басқармасының басшысы (Әлмұханов Н.И.) келушілер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтаған жағдайда 50-ден астам адам бір сәтте келген жағдайда діни нысандардың (мешіттер, соборлар, шіркеулер, синагогалар) қызметін қамтамасыз ету, бұл ретте ұжымдық және топтық іс-шараларға тыйым салынады, келушілердің түрлі есіктер арқылы кіруі мен шығуын ұсыну.
5. ТКҚСҚБК-ның Нұр-Сұлтан қалалық Департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктерімен, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментімен бірлесіп осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
6.Осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволар мен субъектілердің назарына жеткізсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.