$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.01.2025, 10:33
Қоғам

Атақты Тахир Халимназаровтың әйелі де сот-медицина сарапшысы болып шықты

Рината Тагирова қазір бұл саладан кеткен

Атақты Тахир Халимназаровтың әйелі де сот-медицина сарапшысы болып шықты
Фото: instagram.com/rinata__tagir/

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың мәйітіне сот-медициналық сараптама өткізген сот сарапшысы Тахир Халимназаровтың әйелі де сот сарапшысы болып шықты. Рината Тагирова әлеуметтік желіде отбасының экслюзивті суреттерін көрсетті, деп жазады Azattyq Rýhy 

Рината Тагирова Рамина Байжанбаеваға берген сұхбатында күйеуі Тахир Халимназаровтың даңқы артқан кезде қандай күйде болғанын айтып берді.

«Біз қарапайым адамдармыз. Сол оқиғадан кейін (Бишімбаевтың онлайн сотынан кейін - агенттік) өміріміз өзгерген жоқ. Бірақ, біз біздің мамандықты өмірімізде бірінші рет лайықты бағалап, жан-жақты жазғаны қуантты. Сондықтан, менің күйеуімнің сондай жұлдыз болғаны сот сарапшыларының дәрежесін асқақтақтты», - дейді Рината Тагирова.

Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаевтың онлайн-сотынан кейін көптің ықылысаны бөленген сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашып, қазақстандықтарға алғыс айтқан. Біздің тілшіміз Алматыға барған кезде оның өзінен экслюзив сұхбат алған еді. 

Серіктес жаңалықтары