$ 528.52  539.14  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2025, 16:46
Қоғам

Шотында жарты млрд теңге ақшасы жатқан Ақтөбе азаматы баласына 30 мың теңге алимент төлеп келген

Артық ақшасын көрсетпеу үшін жігіт әке-шешесінің дәріханасына жұмысқа тіркеліп қойған

Шотында жарты млрд теңге ақшасы жатқан Ақтөбе азаматы баласына 30 мың теңге алимент төлеп келген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ақтөбе қаласында баласына артық алимент төлемеу үшін әкесі ай сайынғы жалақысын 120 мың теңге деп көрсеткен. Алайда, оның есепшотында 512 млн теңге, ал, астында екі көлігі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе қаласының соты хабарлағандай, баланың әке-шешесі 2022 жылы ажырасқан. Сот баланы анасымен бірге тұрады деп бекіткен, ол 18 жасқа толғанша әкесі табысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде төлеуі керек болатын.

«Ер адам өзінің әке-шешесіне тиесілі дәріханаға қызметкер ретінде тіркеліп, жалақысын 120 мың теңге етіп көрсеткен. Бірақ, бұрынғы жұбайы оның кәсіппен айналысатынын біліп, алиментті нақты табысы бойынша төлету туралы өтініш түсірген. Сот процесінде анықталғандай, 2022 жылдан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін оның банктік шоттарына 7 миллионнан астам теңге түсіп, шоттардағы максималды қалдық 512,7 миллион теңгеге жеткен. Жауапкер бұл қаражат ата-анасына тиесілі екенін алға тартқан, бірақ сотқа өзінің сөзін дәлелдейтін айғақ ұсынбаған. Сонымен қатар, жауапкердің атына екі автокөлік тіркелген, бұл да кірісті жасыруға жатады», - деп хабарлайды сот.

Сот осы жайттарды ескере келе, жігітті ай сайын табысының төрттен бірін ғана емес, 20 АЕК мөлшерінде де алимент төлеуге міндеттеген.

Серіктес жаңалықтары