Шыршалардың ұзындығы 20 метрді құрайды
Ақтауда шыршаларды қашан алып тастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Lada.kz мәліметінше, қала әкімдігі жаңа жылдық әшекейлер мен шыршаларды демонтаждау жұмысы қаңтар айының ортасында басталатынын мәлім етті.
Айта кетерлігі, жаңа жылдық шыршалар амфитеатр жанындағы 15-ші шағын ауданның жағалауына және 19А ықшамауданындағы Әбіш Кекілбаев мұражайы алаңына орнатылған. 11-ші шағын аудандағы Ынтымақ алаңында дәстүрлі түрде өсімдіктерге гирляндалар ілінген.
Аталмыш басылымның мәліметінше, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 20 метрлік екі шырша мен сәндік элементтерді, оның ішінде шағын сәулет нысандарын сатып алу бойынша конкурс өткізген болатын. Осы мақсатта бюджеттен 98 403 854,00 теңге қарастырылды. Бұл сомаға мерекелік атрибуттарды жеткізу және орнату кіреді.