$ 522.63  548.66  5.07
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2024, 22:32
Қоғам

«Диванға кіші дәретін сындырғаны ұрған»: жезқазғандық азамат өз танысын абайсызда өлтіріп алды

Зардап шегуші Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасында көз жұмды

«Диванға кіші дәретін сындырғаны ұрған»: жезқазғандық азамат өз танысын абайсызда өлтіріп алды
Фото: © istockphoto.com

Жезқазған қалалық соты абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркеліп, сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

2022 жылғы 10 қыркүйекте кешкі сағат 19:00 шамасында айыпталушы Д. өзінің пәтерінде азаматша Ш. таныстары Б. және Л.-мен бірге спирттік ішімдік ішкен. Түнде Д. қонақ бөлмеде ұйықтап жатқан Л.-ның диванға кіші дәрет сындырғанын байқап, ашуға бой алдырған. Нәтижесінде ол жәбірленушіні ұрып-соғып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.  

Алынған жарақаттардың ауырлығынан Л. есін жимастан, 2022 жылғы 13 қазанда Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасында көз жұмды.  

«Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол жәбірленушінің өліміне белгісіз тұлғалардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны ұсынды. Алайда, сот талқылауы барысында айыпталушының кінәсі тергеу материалдары мен ұсынылған айғақтар арқылы толық дәлелденді. Жезқазған қалалық сотының үкімімен Д. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген хбарламада.
 

Серіктес жаңалықтары