$ 522.63  548.66  5.07
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО тұрғыны үкіметпен соттасты: сағат белдеуіне қатысты қандай үкім шықты

Сот талапты қанағаттандырудан бас тартты

ШҚО тұрғыны үкіметпен соттасты: сағат белдеуіне қатысты қандай үкім шықты
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Серікжан Ахметжановтың «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» қаулыны заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюы бойынша істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
 

«Талап қоюда уақыт белдеуінің астрономиялық уақытқа сәйкес келмейтіндігі, жаңа НҚА қабылдауға әкеп соғатындай мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауға жауапкердің өкілеттігінің жоқтығы көрсетілген», - делінген соттың хабарламасында.
 

Сот азаматтың талабын қанағаттандырудан бас тартты. Дереккөзге сүйенсек,  «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңмен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу үкіметтің құзыретіне жатады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары