Министр заңнамада жаңа нормалар бар екенін атап өтті
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келесі жылы Қазақстанда көшпелі цирктің дәурені аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шын мәнінде, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарлардың, көшпелі хайуанаттар бағының, жылжымалы океанариумның көрмесіне тыйым салатын норма қарастырылған. Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан, келесі жылдың 1 қаңтарында көшпелі цирктердің, хайуанаттар бағының қызметі тоқтайды деп ойлаймын», - деді үкіметте өткен брифингте Ерлан Нысанбаев.